Таразда күрделі жөндеуді күткен көпқабатты үй көп
Тараз қаласының орталығы жаңарып келеді. Көпқабатты үйлердің қасбеті жөнделіп, қалаға жаңа көрік бере бастады. Төле би көшесі бойындағы 11 үйдің сыртқы сұлбасы өзгерген. 70 жыл бұрынғы баспаналардың шатырына дейін қайта жаңғыртудан өтуі, тұрғындарды қуантты. Ал шаһардың шағын аудандарында жағдай керісінше. Көппәтерлі үйлердің жертөлесінен жағымсыз иіс шығады, шатырлары шұрық тесік. Жаңбыр жауған сайын су ағады. Жалпы қалада 1400 көпқабатты үй бар десек, оның 553-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Әкімдік биылға тек 53 үйді жаңғыртпақ.
Қайрат Исмаил, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
Бүгінгі күнге 8 үйдің шатыры жабылды және 8 үйдің инженерлік жүйелері жөнделді. Енді қалған ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы осы жөндеуге байланысты жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05
Шахматтан турнир өтті
06.06.2026, 20:04