Алматыда кәсіпкерлер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кәсіпкерлер форумы өтті

14.10.2024

Алматыда 400-ге жуық кәсіпкер бас қосып, бизнестің қыр-сырымен бөлісті. Осымен екінші рет ұйымдастырылған форумның мақсаты — қазақы іскерлік ортаны қалыптастырып, бизнестегі жаңа заманауи трендтерді ана тілімізде талқылау. Тәжірибе алмасу арқылы қазақ кәсіпкерлігін жаңа биікке көтеру.

Форум Даму, Инновация және Серпіліс деп аталатын негізгі үш бөлімнен тұрды. Еліміздің үздік кәсіпкерлері мен экономистері, бизнестегі жаңашыл тәсілдер, маркетинг пен инновацияның мүмкіндіктері жайлы ойларымен бөлісті.

 Әділет Бағдат, форумның бас ұйымдастырушысы:

 Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің басын қосу арқылы бірге жаңа мүмкіндіктерді ашу, проблемалардың алдын-алу болып есептеледі. 

Үш панельдік сессияда 50 шақты сарапшы шағын және орта бизнесті қалай кеңейту қажеттігін, мықты команда құру және кәсіптегі инновациялар туралы сөз қозғады.

 Жасұлан Көшебаев, стратегиялық менеджмент саласындағы сарапшы:

 Кәсіпкерлерді қазақ тілінде қызмет көрсетуге, өз кәсібін қазақ тілінде жүргізуге, қазақша ойлауға, жалпы тілге жанашырлық жасай отырып өз клиенттеріне де жанашырлық көрсету мақсатында дәріптеу болып жатыр. 

Sana Business Forum – Алаш қайраткерлерінің бүгінгі ұрпаққа қалдырған ұлы аманатын орындап, ел тарихында тұңғыш рет қазақ кәсіпкерлерінің басын біріктірген жиын, - дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, қазақ тілінің іскерлік ортадағы беделін арттырып, қазақ тілді бизнес қауымдастығын жаңа деңгейге көтеру.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу