Астанадағы білім беру мекемелерінде 2500 ағаш отырғызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы білім беру мекемелерінде 2500 ағаш отырғызылады

11.10.2024

«Орман шаруашылығы қызметкерлері» күні қарсаңында, Астанадағы бірқатар мектеп пен балабақшада 2500 түп ағаш отырғызылады. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асады. Оған қаладағы 60 мектеп пен 8 жайлы мектеп және 40 балабақша қатысады. Акция ертең де жалғасады. Бүгін елордадағы №104 орта мектеп оқушылар мен қызметкерлері және министрлік өкілдері 25 дана ағаш көшетін отырғызды.

Ерлан Күтпенов, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:

Бұл жерде үш түрлі ағаш бар: қарағай, ұшқат, қарақат, алма ағашы бар. Осы ағаштарды осы солтүстікке жерсіндірілген ағаштар. Әр қазан айының үшінші жексенбісі ол Орман шаруашылығы қызметкерлері күні, сол күнге орайластырдық.

«Таза Қазақстан» акциясына керекуліктер де ат салысып жатыр. Бұған Жастар бастамаларын қолдау орталығының ықпалы мол. Себебі, осы орталық жанынан құрылған «ЭкоДесант» топтары тыным таппайды. Аптасына екі рет, бейсенбі және сенбі күндері ластанған көшелер мен саябақтарды, өзен жағасындағы демалыс орындарын тазартады. Ал, күн ара облыс орталығының тұрғындарына қалдықтарды қайта өндеу үшін қоқысты бөлек жинау туралы ақпараттық буклеттер таратады. Эко-еріктілер бүгін қаланың төрт шағын ауданына барды.

Назерке Айдарбек, ерікті:

Біз көп адамдар жүретін жерлерге барып сол жерлерде әртүрлі сұқбаттар жүргіземіз. Біздің осы іс-шарамызда біз жастарға көбіне бағыт береміз. Қоқысты дұрыс сұрыптап тазалау керектігі жайлы көп мәлімет береміз. 


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу