ҚХА шығармашыл топтармен бірлесе жұмыс істейді
Келесі жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Осыған орай түрлі форматта 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.
Бұл туралы Достық үйінде өткен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысында белгілі болды. Ауқымды шара ел аумағынан тыс шетелдерде де өткізілмек. Оған 1,5 млн адам тартылады. Бүгінгі басқосуда соңғы сессияда айтылған тапсырмаларды іске асыру мәселелері қаралып, 13 арнайы жоба құрылып, түрлі клубтардың ережелері бекітілді. Сондай-ақ, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды.
Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Осы 30 жылдықты қалай атап өтеміз? Оны тек тойлап емес, ғылыми тұрғыда, басқа шығармашыл адамдардың барлығын қамти отырып атап өту мәселелері қаралып отыр. Осы мәселелерге бізде бүгінгі таңда Студенттік Ассамблея құрылып отыр, ғылыми-сарапшы топтардың жұмысы жандандырылып отыр. Шығармашыл топтардың осы Ассамблеямен жұмыс істеу тетіктері қарастырылып отыр.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Чемпиондар елге оралды
05.10.2026, 13:17
Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
05.10.2026, 13:15
Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
05.10.2026, 13:12
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Сирияда газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
Түркияда 5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03
Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің бірін тосыннан тексерді
05.10.2026, 13:01