Түркияда қазақстандық студенттер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қазақстандық студенттер фестивалі өтті

11.10.2024

Стамбұл қаласында Түркияда оқитын қазақстандық студенттердің фестивалі өтті. Университеттерде жаңа оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған шараға Түркияның 15 провинциясында білім алып жатқан 1500-ден аса шәкірт қатысты. «Бірлік» қазақ студенттер бірлестігі өткізген фестивальге Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы мұрындық болды. Түрлі сайыстар мен ұлдар арасында футбол турнирі ұйымдастырылды. Жиналған жастарға қазақтың ұлттық тағамдары таратылып, ұлттық әндер шырқалды. Түркия қазақстандықтар ең көп білім алатын елдердің бірі. Бұл елдің университеттерінде қазір 12 мыңдай отандасымыз оқып жүр.

Жеңіс Китебай, «Бірлік» қазақ студенттері бірлестігінің белсендісі:

Әртүрлі ән-би, одан кейін әртүрлі ойындар, жарыстар, квэст сияқты ойындар, дэнс баттлдар ұйымдастырып жатырмыз. Өте керемет сезім, айтып жеткізе алмайтындай сезімдемін.

Мәдина Орынғали, студент:

Осылай Түркияда, Стамбұл қаласында қазақша әндер шырқалып жатыр, өзіміз сияқты нешетүрлі студенттер бар. Елімізден алшақта болсақ та, осындай бәріміз бірлікте екенімізді сезініп жатырмыз. 

 Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу