Қызылордада «Бала барысы» анықталды
Қызылордада қазақ күресінен «Бала барысы» турнирі өтті. Ұлттық спортты жастар арасында кеңінен дәріптеуге бағытталған боз кілем додасы биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр.
Жарысқа облыстың 32 жас балуаны қатысты. 50 келіден жоғары салмақта сынға түскен өрендер қазақ күресінің түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, жанкүйерлердің ықыласына бөленді. Турнирде қарсыластарынан бәсі биік болған қармақшылық Әлихан Әлиасқаров «Бала барысы» атанды. Мамандар мұндай сайыстың жас спортшыларға берері мол дейді.
Садық Мұстафа, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы:
Неғұрлым жарыс көп болса, соғұрлым біздің балалардың спорттық шеберлігі артып, республика деңгейіндегі жарыстар, Азия, Әлем қай жарыс болмасын, бізге шеберлік керек. Ертеңгі болатын Қазақстан чемпионаттарына алдағы дайындықтың бірі.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07