Ақтауда сүт өнеркәсібі сарапшылары мен ірімшік өндірушілердің форумы өтіп жатыр
Ақтауда сүт өнеркәсібі сарапшылары мен ірімшік өндірушілердің форумы өтуде. Халықаралық шараға Франция, Нидерланды мен Ресейден келген мамандар және қазақстандық өндірушілер қатысуда. Үздік сарапшылар, технологтар мен ғалымдар сүт өнімдері, балмұздақ және ірімшік өндірісіндегі жаңа технологиялар мен озық әдістерді талқылап, тәжірибе алмасуда. Форум екі күнге жоспарлаған. Оның аясында ірімшіктер байқауы болады. Сарапшылар 300-ден астам өнімнің арасынан үздіктерін таңдайды.
Ролан Бартелеми, Халықаралық ірімшік жасаушылар гильдиясының президенті:
Бұл форум осы салаға енді келген кәсіпкерлер мен ірі өндірушілердің бір-бірімен тәжірибе алмасуы үшін ұйымдастырылды. Ірімшік өндірісі Европада жақсы дамыған. Қазақстанда да сүт өнеркәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер баршылық. Біз ірімшіктердің дәмін татып көріп, сапасына жоғары баға беріп отырмыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12