Жетісу облысында «Таза бейсенбі» акциясы дәстүрге айналды
Жетісу облысының Ескелді ауданында «Таза бейсенбі» акциясы дәстүрге айналып кетті. Апта сайын «Аманат» партиясының мүшелері, өңір белсенділері, халық қалаулылары мен жастар өңірді тазартуға шығады. Бұл бейсенбіде 50 адам Қарабұлақ-Текелі тас жолының жиегіндегі күл-қоқысты шығарды. Жалпы аудан бойынша «Таза бейсенбі» акциясы басталғалы тек қолдың күшімен 20 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигонға төгілді. 5 мыңдай адам жұмылдырылып, 1 мың түп көшет отырғызылды.
Серік Жолдыбаев, Ескелді аудандық жастар орталығының жетекшісі:
Жылда тұрақты түрде айына, аптасына бір реттен осындай бір тазалық акциясын өткізіп отырамыз. Бұл деген біз өзіміз бір жағынан жастарға үлгі, үгіт насихат ретінде жүргіземіз. Өзіміздің туып өскен жерімізді аялау, тазалықта ұстау бағытында осындай акция ұйымдастырып жатырмыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
05.10.2026, 10:10
Ұлттық құрама Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
05.10.2026, 10:05
Шығыста күн райы күрт бұзылды
05.10.2026, 10:03
Almaty SuperSki жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
05.10.2026, 10:03
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
05.10.2026, 10:03
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
05.10.2026, 10:02
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы қорытындыланды
05.10.2026, 10:01
Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді
05.10.2026, 10:00