Ақтаудағы жылу желілерін жаңартуға 5 млрд теңге бөлінді
Ақтау қаласының магистральді жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр қол қойған. Айта кетейік, Ақтау қаласының жылу желілері 60 жылда алғаш рет жаңартыла бастады. Мердігер компанияның қаражаты есебінен шамамен 11 шақырымнан аса жаңа құбыр жүргізілді. Жалпы жоба 4 кезеңге бөлінген. Оның аясында 2026-шы жылға дейін тозу деңгейі 75% асатын 44 шақырым магистральді жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру көзделген.
Бердібек Қартбаев, Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда 11,5 шақырым құбырға қатысты толықтай жұмыстар аяқталды. Кейбір компенсаторлар дейді, бір екі-үш компенсатор қалып тұр қазір. Жалпы біздің жоспарға сәйкес, осы айдың 12-не мына технологиялық часті былай айтқанда құбырларды толықтай сумен сынақтан өткізуге, жылу беруге толықтай дайын болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12