Флоридадағы қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін
«Милтон» дауылының қаупіне байланысты Флоридадағы қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін. Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің айтуынша, стипендиаттардың барлығы дүлей дауыл туралы хабардар. Жетекшілерімен үнемі байланыста. Жағдай ушығып кетсе, жедел әрекет ету үшін студенттермен тұрақты байланыс бар.
Қазір жағдай тыныш деді орталықтың баспасөз хатшысы Ләззат Тукушева. Қазір штаттағы мемлекеттік жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 31 стипендиат білім алуда. Ал BBC-дің мәліметінше, АҚШ-тың Флорида штатына жақындап қалған дауылға байланысты аймақта 5 млн-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00