Алматы облысындағы 1400 оқушысы бар мектептің жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр
Алматы облысындағы 1400 оқушысы бар мектептің жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр.
Іле ауданы, Екпінді ауылындағы №2 орта мектеп осыдан 1,5 жыл бұрын жөндеуге жабылған. Балалар былтырғы оқу жылын ауылдағы №48 мектепте аяқтаған. Биыл да төрт ауысымда сол білім ордасында оқып жүр. Ауылдың шет жағындағы мектепке жету үшін 1400-ге жуық оқушыға жалғыз автобус берілген.
Жанна Мұқатаева, ауыл тұрғыны:
Төрт балам мектепке барады. Төртеуі де развозкамен барады, көршімді жалдап отырмын. Автобусқа сыймайды өйткені. Әр балаға 5000 теңгеден төлеп жіберемін. Келесі апта жібермесе, біз балаларымызды мектепке жібермейміз.
Ата-аналардың сөзінше, мектеп әкімшілігі былтыр қазанда мектепті қолданысқа береміз деп уәде еткен. Десе де, аудандық білім бөлімінен ақша уақытылы бөлінбей, жұмыс тоқтап қалған. Құрылысқа жауапты мекеме мектеп келесі тоқсанда пайдалануға берілетінін жеткізді.
Ақболат Бәйтенов, «Азамат құрылыс» ЖШС қызметкері:
Ақшаның бөлінбеуіне байланысты 11 ай тоқтап қалды. Сол себепті біз 11 ай уақытымызды жоғалтып алдық. Одан кейін ары қарай ремонтты күні-түні істеп, қазір бітіріп жатырмыз. Мектеп 90-95 пайыз бітіп тұр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04