Жас діни көшбасшылар форумына әр саланың белсенді жастары қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас діни көшбасшылар форумына әр саланың белсенді жастары қатысты

09.10.2024

Жас діни лидерлер форумына қатысқан Эммануэль Ганс бірқатар жобасымен танымал. Солардың бірі - Тонафа институты. Аталған жоба жастарды зорлық-зомбылықтан бас тартуға, мәдени диалогқа үйретеді. Ол үшін Эммануэль онлайн цифрлық платформа жасап шығарған. Алаң жастарды құқығын білуге, оны бейбіт жолмен мәдениетті түрде қорғауға үйретеді. 

Эммануэль Ганс, Жас діни лидерлер форумына қатысушы:

Мен бала кезімнен әділетсіздікті, теңсіздікті құптамай өстім. Бейбітшіліктің болғанын, адамдардың барлығы бірге бейбіт әлемде өмір сүргенін қалаймын. Менің елім Бенинде 2019 жылы өткен сайлау кезінде жастар тәртіпсіздіктерге барып, қақтығыстар болды. Мен оларға өз құқықтары мен еркіндіктерін жанжалсыз, бейбіт жолмен қорғауға болатынын түсіндіргім келді. Бұл мақсатта мен онлайн сандық платформа жасап шығардым. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу