Астанада жас діни көшбасшылар тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас діни көшбасшылар тәжірибе алмасты

09.10.2024
0:00:00
0:00:00

Қазақстанда өткен жас діни лидерлер форумында зайырлы және діни әлемнің жастары диалог құрып, тәжірибе бөлісе алады. Олардың еркін ой алмасуына арнайы орта құрылған. Осылай деген форум қонақтары мұндай шаралар жиі ұйымдастырыла бермейтінін, сондықтан бұл жиын өзекті мәселелерді талқылау үшін жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

Дипика Сингх, «Дін – бейбітшілік үшін» ұйымы бас хатшысының орынбасары:

Жастардың дінаралық талқы мен диалогтарға белсенді қатысуы кең таралмаған жайт. Сондықтан Зайырлы және діни әлемнің жастары бір-бірінің тәжірибесі мен идеяларына, перспективалары мен көзқарастарын бөлісу үшін мүмкіндік беретін осындай форумдардың маңызы зор.

Шинсаку Мицуи, «Джинджя хонче» синтоистік храмдар қауымдастығының өкілі:

Мұндай жастарға арналған форум Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Бұл кейнгі буын өкілдеріне келешекті айқын елестетуге мүмкіндік береді. Олар бірлесе отырып, өзекті мәселелердің салдарымен күресуге дайын болады. 

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу