Қазақстан мен Нидерланды арасында байланыс беки түспек
Астанада алғаш рет Қазақстан - Нидерланды Іскерлік кеңесі өтті. Жиында көлік, логистика, инновация және жасыл энергетика сияқты негізгі салалардағы екіжақты ынтымақты кеңейтудің тетіктері талқыланды. Іс-шараға екі елдің бизнес өкілдері мен мемлекеттік құрылымдары қатысты. Жиынның тақырыбына сай «Транскаспий» халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері әңгіме өзегі болды. Биылғы сегіз айда орталық дәлізбен жүк тасымалдау көлемі 69% ұлғайған. Жиын соңында Қазақстан мен Нидерланды арасындағы Іскерлік кеңес туралы құжатқа қол қойылды.
Денис Ван Ден Вейх, «Benelux» халықаралық сауда палатасының президенті:
Бүгінгі іс шара қазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялар үшін таптырмас алаң болды. Біз транс-логистикалық көрменің аясында экспорт, импорт, логистика салалары бойынша тәжірибемізбен бөлісеміз. Қазақстанға инвестиция жасауға да дайынбыз. «Транскаспий» дәлізі Қазақстанның дамуында өте маңызды рөл ойнайды деп санаймын. Оның әлеуеті де жоғары. Қазақстан мен Нидерланды арасында алдағы уақытта бірлесіп біраз жұмыстар атқарылатынына сенім білдіремін.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12