Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

09.10.2024

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысып, облыс әкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатурасын ұсынды.

Ашық дауыс беру нәтижелеріне сәйкес Президент Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жаңа әкімді таныстыра отырып, Олжас Бектенов Ұлытау облысы басшылығының алдында экономиканы әртараптандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экология мәселелерін шешу мен көлік және туристік әлеуетті барынша дамыту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын еске салды.
Айта кету керек, Дастан Рыспеков 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің кірістерді болжау бөлімінің бас маманы болып бастаған.
Соңғы қызметі, яғни 2023 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болған.


Хабарламаларға жазылу