Солтүстік Корея оңтүстік көршісімен арадағы жолдарды жауып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея оңтүстік көршісімен арадағы жолдарды жауып тастады

09.10.2024

Солтүстік Корея армиясы Оңтүстікпен арадағы барлық автожолдар мен теміржолдарды толық жапты және де Пхеньян шекарадағы қорғанысты нығайтып жатыр. Мұны бүгін осы елдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Олардың дерегінше, Ким Чен Ын билігі мұндай шешімді Оңтүстік Кореяның әскери жаттығу өткізуіне жауап ретінде қабылдаған.

Ал өткен тәулікте Солтүстік Кореяда парламенттің негізгі сессиясы ашылды. Онда азаматтардың еңбекке араласу және дауыс беру жасы өзгертіліп, өнеркәсіп пен экономика жайлы заң қабылданып, жаңа қорғаныс министрі тағайындалған. Дегенмен жиында Оңтүстікпен бірігу туралы сөзді Конституциядан алып тастау мәселесі қозғалмады. Айта кетсек, бұндай өзгеріс туралы қауесет халықаралық баспасөзде бірнеше ай бұрын тараған еді. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу