АҚШ-тың Флорида штатында мыңдаған адам үйін тастап қашып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Флорида штатында мыңдаған адам үйін тастап қашып жатыр

09.10.2024

АҚШ-тың Флорида штатында мыңдаған адам үйлін тастап қашып жатыр. Себебі бұл аймаққа тарихтағы ең сұрапыл «Милтон» дауылы жақындап қалды. Президент Джо Байден, алапат дауылды «Не өлім, не өмір» деп атады. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, миллиондаған адамға көшуге бұйрық берілген.

Сондықтан халық жеңіл машиналарына мініп жаппай жолға шығып, жанармай станциялары босап қалды. Жылдамдығы сағатына 270 шақырымға жететін «Милтон» бүгін түнде 4 миллион адам тұратын Тампа қаласына соққы беруі мүмкін.

Джеми Уаттс, жергілікті тұрғын:

Бұл – біздің бірінші рет қамдануымыз. Аздап қорқып қалдық. Азық-түлігімізді дайындап қойдық. Дауыл бізді айналып өтсін деп тілеймін. Дегенмен оған дайын болуымыз керек.

«Милтонның» қуаты қазір 5-ші санатқа жетті. Айта кетсек, осыдан екі аптаға таяу уақыт бұрын құрама штаттарда 4-ші категориядағы «Хелен» дауылының соққысынан кемінде 225 адам мерт болды. Олар – Флорида, Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Вирджиния, Теннесси штатының тұрғындары еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу