Ақмола облысында 789 заңсыз қоқыс алаңы анықталды
Ақмола облысында өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы 789 заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Соның 631-і жойылды. Экологиялық заң талаптарын бұзған оннан астам лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округтердің басшылары да бар.
Жалпы облыста 130 қоқыс алаңы болса, оның 24-і ғана заңдастырылған. Қалғандары тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп келеді. Қазір өңірде заңсыз полигондарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Ғарыштық суреттерге сәйкес 2023 жылы Көкшетау қаласында 96 рұқсат етілмеген қалдықтарды көму орны анықталды. Аталған дерек бойынша Красный Яр және Станционный ауылдық округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда рұқсат етілмеген полигондарды тазарту және экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07