Референдум жайлы әлем ақпарат құрылдарында материалдар жарияланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум жайлы әлем ақпарат құрылдарында материалдар жарияланып жатыр

08.10.2024

Қазақстанда өткен референдум жайлы әлем ақпарат құралдарында әлі материалдар жарияланып жатыр. 

«Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, АЭС құрылысын қолдаушылар үшін уранға бай Қазақстанда ядролық энергия - логикалық таңдау екен.

Ал түріктің «Анадолы» агенттігінің дерегінше, референдум барысында әлем елдерінде ашылған 74 учаскеде 10 мыңға жуық қазақстандық дауыс берген.  

Осы тақырыпқа «Рейтер» де материал әзірлеген. Оған жүгінсек, қазақстандықтар АЭС салуды қолдады. Себебі, 20 миллион халқы бар орта-азиялық мемлекет электр қуатын негізінен көмірмен жұмыс істейтін станцияларда әлі өндіріп жатыр.  

Ал Үндістанның «Хинди» газетінің хабарлауынша, Қазақстан АЭС құрылысын құптай отырып, әлемнің ірі уран экспортаушыларының бірі ретінде өзінің энергия өндірісінің қуатын арттыруды көздеп отыр.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу