Қарқаралыда тұтанып, Баянауылға дейін жеткен өрт бүгін түс ауа толық оқшауланды. Бастысы елдімекендерге енді қауіп жоқ. Екіпіндей соққан желдің кесірінен үш күнде шамамен 45 мың гектар жер күлге айналды. Қарағанды облысындағы әріптесім Жандос Бақытұлы оқиға орнынан хабарлайды.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Бұл мыңға жуық тұрғыны бар Теректі ауылы. Өрт мына таудың етегіне дейін жеткен. Ауыл тұрғындары бір адамдай өрт сөндірушілерге көмек көрсетті. Жалпы 600-ге жуық адам, 100-ге жуық техника қызмет етті.
Нұршат қайыр өрт жайлы алғаш естіп, тиісті органдарға хабарлаған жандардың бірі. 3 күн бойы арнайы штабта қалтықсыз қызмет етіп, өрт ошағы жайлы құтқарушыларға ақпарат таратып отырды.
Нұршат Қайыр, Қарақаралы ауданы ТЖ бөлім бастығының міндетін атқарушы:
Оперативті штабтың басты міндеті барлық жеке құрамды, ауыл тұрғындарын, өрт сөндірушілерін қауіпсіз жедел ыөпал ету. Өрт сөндірушілер қандай да бір оқыс оқиға жағдай болмасын бірінші ретте жүреді.
Алжалынмен бетпе-бет келіп, алғы шепте болған өрт сөндірушілер әлі де оқиға орнында. Үйлеріне қауіп толықтай сейілген кезде бірақ оралады.
Бақытбек Амантайұлы, ауыл тұрғыны:
Ауылдан 40 шақты үйдің барлық еркегі далаға шықты. Әкесі бар баласы бар. Сырттан келген техника бар солардың арқасында өшті.
Өртті сөндіруге Қарағанды Ақмола Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары, әскери бөлімдері мен тұрғындар атсалысты. Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102- тонна су төкті.
Әділжан Арғынов, Қарқаралы ауданының әкімі:
Енді қазіргі таңда ошақтар тек қана оқшауланып тұр. Сол үшін күш құралдары әлі бекеттерді қойып су құып қарайлап отырады.
Қарағанды облысының 35 мың, ал Павлодар облысның 10 мың гектар жері күлге айналды. Аудан әкімінің айтуынша мал шығыны әзірге тіркелмеген. Қазір мамандар оқшауланған өртті толық сөндіру үшін жанталасып жатыр.
Жандос Бақытұлы