Министр: Дала өрті толық бақылауда
Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағында болып жатқан дала өрті толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осылай деді. Өрттің аумағы 1300 гектар алқапқа жеткен. Оның басым бөлігі далалы аймақ. От шарпыған орманның көлемі бар-жоғы 13 гектар. Нақтырақ айтсақ, ағаштың төмен жағындағы жапырақтары өртенді, ал ағаштарға от тимеген. Қазір Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан қосымша күш тартылды. «Жуық арада өрт толық сөндіріледі», - деді Төтенше жағдайлар министрі.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Қазіргі уақытта Павлодар облысында дала өрті толықтай локализацияланып, біздің күштер оны бақылап жатыр. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақстан антологиясы»: Мемлекет халық үнін қалай естиді?
05.10.2026, 15:53
Азиада: Чемпиондар елге оралды
05.10.2026, 13:17
Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
05.10.2026, 13:15
Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
05.10.2026, 13:12
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Сирияда газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
Түркияда 5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03