«Шығыс салбурыны - 2024» халықаралық фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шығыс салбурыны - 2024» халықаралық фестивалі өтеді

08.10.2024

10-14 қыркүйек аралығында ШҚО-да бүркітшілердің «Шығыс салбурыны-2024» халықаралық фестивалі өтеді. Додаға Моңғолия, Қытай, Мажарстан, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының құсбегілері қатысады. Шараны ұйымдастырушылар бүркітшілер тойына 5000-ға жуық турист келеді деп отыр.

Ұлттық өнерді насихаттаған фестиваль Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында өтеді. Бүркіттөбеге 20 киіз үй тігіледі. Осы жолы халықаралық додаға қызығушылық танытқандар көп. Сондықтан туристерді қарсы алуға дайындық күшті.

Ербол Нұрғалиев, ШҚО әкімінің орынбасары:

5000-ға жуық туристі қабылдап, орналастырып, оның барлық мәселесін шешуге байланысты біз тиісті жұмыстарды атқардық. Бұл фестиваль өткізетін жерде 20-дан артық кигіз үй құрылады. Сонымен қатар ол жерде жеке тамақтандыру мәселесі де барлығы шешілген. Сонымен қатар, біз жаңағы айтып отырған өнерпаздарды өнерін көрсету үшін барлық жағдай жасап, үлкен кигіз үйді алып келіп құрып жатырмыз.

Биылғы сайыста 80 бүркіт пен 30 сұңқар және 30 тазының бабын байқайды. Өнер фестиваліне бүркітші қыз Айшолпан да қатысады.

Айшолпан Нұрғайыпқызы, бүркітші:

Жалпы бұл жерде балапан, тірне құс дейтін әртүрлі бапкер өзінің бүркітін әкеп осы жарысқа қатысады. Ол жерде шырға шақыру деген болады. Шақыру деген қолына өзі аңшы жемімен шақырады, шырға деген түлкі немесе қоянның терісіне шақырып солайша қанша минутта келіп қонғанын бағалайды.

Халықаралық фестивальдің ақтық сыны 13-14 қазанда өтеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, медальмен қоса қаржылай сыйақы да табысталады.

Жақсыбек Кемал

Дильназ Еркінбекова


Хабарламаларға жазылу