БҚО-да суды заңсыз пайдаланған кәсіпкерлер анықталды
Батыс Қазақстан облысында суды заңсыз пайдаланып келген кәсіпкерлер анықталды. Прокурорлардың дерегінше, әсіресе көлік жуу кешендерінде тиісті талап сақталмаған. Орал мен Ақсай қалаларында кәсіпкерлер суды үнемсіз әрі рұқсатсыз пайдаланған. Заң бойынша, «темір тұлпарды» тазалау орындары ауызсуды емес, техникалық суды қайта өңдеп қолдануы керек. Алайда 16 автокөлік жуу орны рұқсатсыз жерасты ұңғымаларынан су тартқан. Сондай-ақ Тасқала ауданында бір кәсіпкер жер асты суын рұқсатсыз өндіріп, оны бөтелкеге құйып сатқан. Прокурорлар Жайық-Каспий бассейндік инспекциясына заң бұзған мекемелерге шара қолдану туралы ұсыныс жіберді.
Асылан Жанатауов, облыстық прокуратура басқармасының бастығы:
Орал қаласы бойынша «Батыс су арнасы» мекемесі суды қайта өңдеп, пайдалану талабын қоймаған. Ал Ақсай қаласы бойынша «АқсайЖылуҚуат» мекемесі суды автокөлік жуу бекетіне пайдалану бойынша рұқсат беруде тиісті құрылғыларды қою талабы қарастырылмаған. Аталған рұқсаттар заңсыз екені анықталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07