Қазақстан мен Италия сауда-инвестиция ынтымағын арттыра бермек
Миланда «Қазақстан-Италия сауда-инвестициялық мүмкіндіктері, Қазақстанға жол» атты үш күндік бизнес-форум ашылды. Қазақстандық делегацияны еліміздің Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды. «Екі ел арасындағы тауар айналымы 16 млрд долларды құрады.
Бұл соңғы 9 жылдағы ең үздік көрсеткіш» деп атап өтті еліміздің Италиядағы елшісі Ерболат Сембаев. Қос тарап барлық салада ынтымақтастықты бекемдеуге ниетті. Бизнес форумның бірінші күні сауда-инвестициялық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.
Марто Бескарини, кәсіпкер:
2021 жылы біз Қазақстанда жергілікті серіктес тауып, қазақстандық компанияларға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған құрал жабдық жеткізуді бастадық. Осылайша мұнай газ секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып келеміз. Бұл шара бізге елдеріңіздегі экономикалық үрдістерді түсіну үшін маңызды.
Стефано Ламфреди, кәсіпкер:
Біз Атырауда Қарашығанақ жобасын ілгерілетуге инвестиция құйып, кәсіпорын аштық. Қазақстаннан біраз тәжірибе жинадық. Болашақта бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақпыз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17