Сарапшы: АЭС маманын дайындауда мәселе туындамайды
Атом электр станциясында жұмыс істейтін маман даярлауда мәселе туындамайды. Бұл туралы «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы ұйымдастырған «Бейбіт атом: қазіргі жағдай және перспективалық бағыттар» тақырыбындағы сараптамалық талқылауда айтылды.
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Ғылыми орталықта жыл сайын жүздеген адам даярланады. Олар шетелге жиі шығып, тәжірибеден өтеді. Отандық мамандардың біліктілігінің арқасында институтта бір де бір апат болмаған, 57 жыл ішінде атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің барлық тексеруінен жоғары деңгейде өтті, - деді.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
Біз Францияның ITUIN компаниясымен қол қойдық. Бұл компания Францияның 56 АЭС-не кадрлар дайындап отырған консорциум. Бізге ол кісілер бірнеше рет келіп кетті, 1,5 жылдың ішінде, біз оларға бардық. Ұлыбританияға барып қайттық, солардың объектілеріне. Олар біздің кадрларымыз өздерінікінен кем түспейтінін көріп отыр. Сондықтан әлем танып отырса, біз 57 жылдан бері дайындап келе жатсақ, ол дайындығымызды білдіреді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04