Павлодар мен Қарағанды облыстарындағы өртке байланысты жалған ақпарат тарап жатыр
Павлодар мен Қарағанды облыстарындағы өртке қатысты, әлеуметтік желіде әртүрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Осыған қатысты Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов Инстаграм парақшасында бейнеүндеу жасады. Ол тек ресми органдардың ақпаратына сенуге шақырды.
Өрт сөндіру жұмыстарына күш-құралдар жеткілікті. Ешқандай қаржылай көмектер жиналып жатқан жоқ деді. Арнайы құрылған штаб жұмысына 386 адам, 64 бірлік техника тартылғанын жеткізді.
Әділжан Арғынов, Қарқаралы ауданының әкімі:
Қадірлі жерлестер, қазіргі таңда әлеуметтік желілерде көмек көрсету немесе қаржы жинау бойынша әртүрлі үндеулер таратылуда. Осыған орай, жауапты мамандар үйлестірмеген немесе ұйымдастырған көмектердің дұрыс емес екенін ескерткім келеді. Қазіргі таңда барлық қажетті күш-құралдарымыз жеткілікті.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17