ОРК: АЭС салуға азаматтардың 71,12% келісім берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОРК: АЭС салуға азаматтардың 71,12% келісім берген

07.10.2024

Орталық референдум комиссиясы Қазақстанда Атом электр станциясын салу бойынша өткен қоғамдық науқанның алдын ала нәтижесін жариялады. Республикалық референдумға дауыс беруге құқығы бар 12 млн 284 мың 487 адамның 7 млн 820 мың 204-і қатысқан. Бұл – электораттың 63,66 проценті. Дауыс берушілерге арналған бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген бір ғана сұрақ жазылған. Азаматтардың 71,12 пайызы, яғни 5 жарым миллионы «Иә, келісемін» нұсқасын таңдаған. Ал 2 млн-нан астамы бұл бастаманы қолдамайтынын көрсеткен. Дауыс берушілерге ұсынылған 130 мыңнан аса бюллетень жарамсыз деп танылды. 83 мыңға таяу тұрғынның дауысы есептелмеді. Олар дауыс беру парақшасындағы екі нұсқаны да таңдаған. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп саналады, - деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Бұл алдын ала дауыс беру нәтижесі. Қоғамдық науқанның қорытындысы алдағы күндері, яғни дауыс берген күнінен бастап 7 күн ішінде жарияланады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу