Түркияда азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр
Түркияның үш қаласында орналасқан референдум учаскелерінде азаматтар бүгін белсенді дауыс берді. Анкара, Стамбұл және Анталия қалаларындағы учаскелерге түрлі себеппен шетелде жүрген азаматтар таң атқалы тоқтаусыз келіп, таңдау жасады. Стамбұл қаласындағы №387 референдум учаскесінде 1 500-ден аса дауыс беруші тіркелген. Халықтың белсенділігі өте жоғары. Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беріп жатқандардың басым бөлігі осында оқитын студенттер мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтар. Арнайы отбасыларымен келіп дауыс бергендер де көп.
Мерей Мұқажан, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:
Отбасымызбен арнайы азаматтық борышымызды орындауға Стамбулдағы Бас консулдыққа келіп отырмыз. Өз даусымызды жаңа бердік. Өзім Семей өңіріндегі Қайнар ауылының тумасымын сондықтан бұл тақырып бізге өте жақын. Сол себепті Қазақстан халқы тиісті шешім қабылдап, болашағымызға жақсы әсер ететіндей дұрыс шешім қабылдайды деп пайымдаймын.
Гүлнұр Қайырғалиева, Қазақстан азаматы:
Қазақстаннан шалғайда жүрсек те қазір Стамбұл қаласына жұмыстармен келген едік. Азаматтық борыштың аты азаматтық борыш қой, мойнымыздан түспейді қай жақта жүрсек те. Сол үшін үлгерейік деп кеш болса да консулдықтың Инстаграмдағы парақшасына кіріп барынша үлгеруге тырыстық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
27.06.2026, 16:48
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10