Түркиядағы референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Уақыт айырмашылығына байланысты бірқатар шет мемлекеттегі референдум учаскелерінде дауыс беру жаңа ғана аяқталды. Енді дауыс беру жәшіктері ашылып, бюллетендерді сұрыптау жұмыстары басталады. Дәл қазір бізбен Стамбұл қаласындағы референдум учаскесінен Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлы тікелей байланысқа шығып тұр.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Стамбұл қаласындағы №387 референдум учаскесінде дауыс беру жаңа ғана аяқталды. Жергілікті уақытпен таңғы жетіде ашылған учаскеге осында оқитын, жұмыс істейтін және басқа да себептермен Түркияда жүрген қазақстандықтар лег-легімен келіп, елден жырақта жүрсе де отан алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезінетіндіктерін көрсетті. Дауыс бергендердің арасында жастар көп болды. Бұл да болса олардың ел ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын білдірсе керек. Осы учаскедегі дауыс берудің қалай өткенін және азаматтардың белсенділігі қалай болғанын референдум комиссиясы төрағасы Қанат Тұрыбаевтан сұраған едік.
Қанат Тұрыбаев, Стамбұл қаласындағы №387 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
Стамбул қаласындағы референдум учаскесінде азаматтарымыз белсенді дауыс берді. Әсіресе Түркияда білім алып жатқан студнттеріміз. Студенттеріміз Сакария, Бұрса, Измир, Кожаелі, Балыкесір провинциялардан келді. Студенттеріміз өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін Стамбұл қаласына арнайы келді. Стамбұл қаласындағы референдум учаскесінде ешқандай заңбұзушылық фактілері тіркелмеген, барлығы ойдағыдай өтті.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркияның үш қаласы, яғни Анкара, Стамбұл мен Анталиядағы референдум учаскелері жұмыстарын осымен тоқтатты. Алдын ала мәлімет бойынша Түркияда тіркелген үш мыңнан аса дауыс берушінің басым бөлігі бүгін өз таңдауын жасаған. Қазір дауыс беру жәшіктері ашылып, комиссия мүшелері бюлеттендерді санау жұмыстарына кірісті. Дауыс берудің қорытындысына қатысты нақты мәліметтер ертең белгілі болмақ.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04