Ұлыбританияда дауыс беру аяқталуға жақын
Тұманды Альбиондағы №376 дауыс беру учаскесінде өтіп жатқан дауыс беру уақыт ерекшелігіне байланысты бірер сағаттан соң аяқталмақ. Біздің Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова соңғы жаңалықтармен бөлісуге дайын.
Марина Бекенова, тілші:
Әріптестер, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінде орналасқан №376 дауыс беру учаскесіне келушілердің қарасы сиреді. Лондон уақыты бойынша сағат 8-де ғимарат есігі жабылып, бюлеттеньдерді санау басталады. Елшілік қызметкерлері дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділдігін, учаскенің үздіксіз жұмысын, сондай-ақ отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салды. Бүгін, әсіресе, «Болашақ» стипендиясының «500 ғалым» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан студенттер белсенділік танытты.
Сәнтай Тілеубаева, студент:
Шетелге келген кезде мұндай референдум болатынын ойлаған жоқ едік. Ал осындай референдум болып жатқан кезде өзіміздің шетелде жүріп, дауысымызды бергенімізге өте толқып тұрмыз. Қуанып тұрмыз.
Ақмарал Қожабекова, студент
Референдумға негізі қатысып отырғандағы мақсатымыз өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзіміздің көзқарасымызды білдіру.
Марина Бекенова, тілші
Айта кетейік, түске таман дауыс берушілердің саны таңертеңгі уақытқа қарағанда артты. Араларында Рединг, Манчестер, Абердин, Глазго қалаларында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан отандастарымыз, сосын осында саяхаттап жүрген туристер көп. Комиссия мүшелерінің айтуынша, учаске жабылғаннан кейін бірнеше минуттың ішінде Лондондағы референдум нәтижелері белгілі болады. Саяси маңызы бар науқанның алдын ала қорытындысы ертең халыққа жария етіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09