Ресейдегі отандастарымыз дауыс беруге белсенді қатысты
Мәскеуде жүрген отандастарымыздың 80 пайызға жуығы өз таңдауын жасады. Бізбен тікелей байланысқа шыққан Ресейдегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар жағдайды баяндап берді.
Индира Бегайдар, тілші:
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00 де Мәскеудегі №397 дауыс беру учаскесі жабылды. Астанамен уақыт айырмасы екі сағат. Одан бөлек, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы және Астрахань қалаларындағы бас консулдықтарда да дауыс беру учаскелері жұмыс істеді. Ресейде қызмет бабымен жүрген, уақытша тұрып жатқан отандастарымыз таңғы жетіден бастап белсенділік танытып, өз таңдауын жасады.
Ақын Испуллаев, Қазақстан азаматы:
Бүгін елшілікке келген мақсатым – біріншіден, өзімнің Конституциядағы құқығымды іске асыруға осы референдумға қатысып, өз дауысымды беруге келдім. Бүгінгі таңда мен ҚР болашағы үшін дауыс бердім. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда талаптарға қарай даму керек.
Индира Бегайдар, тілші:
Әсіресе балаларымен, отбасыларымен келіп, дауыс берген қазақстандықтар көп. Жалпы ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Ал республикалық референдум елімізде, өзге мемлекеттерде қалай өтіп жатқанын келушілер Ұлттық арнадан білді. Өйткені Мәскеудегі №397 дауыс беру учаскесінде «Qazaqstan» телеарнасы таңғы жетіден жабылғанға дейін қосылып тұрды.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05