Дауыс берушілердің 61% өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыс берушілердің 61% өз таңдауын жасады

06.10.2024

Елімізде дауыс берушілердің 61%-ы пайыздан астамы өз таңдауын жасады. Қызылорда облысы белсенділік жағынан әлі алда келеді. Ал, қалған аймақтарда дауыс беру көрсеткіші қандай? Бұл сұраққа Орталық референдум комиссиясында жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектестен жауап алсақ.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

18:00-дегі ақпаратқа сай дауыс беруші азаматтардың 61 пайыздан астамы өзінің конституциялық құқығын пайдаланған. Яғни, 7,5 млн адам өз таңдауын жасады. Дауыс берушілер қатары сағат санап артып келеді. Өңірлерге тоқталсақ, белсенділік жағынан қызылордалықтар алда.


Сыр өңірінің дауыс беруге құқылы азаматтарының 80 пайызға жуығы өз таңдауын жасады. 74, 72 және 69 пайыз дауыс беру көрсеткішімен Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары да алда келеді. Ірі қалаларда да электораттың саны артқан. Астана қаласында дауыс берушілердің 49,35%, Шымкентте 68,89% таңдау жасаған. Ал, Алматыда белсенділік әлі де төмен. Дауыс бергендер саны 23 процентке жуықтаған. Бірер минуттан кейін осы Орталық референдум комиссиясында шетелде жүрген қазақстандықтардың дауыс беруіне қатысты статистика жарияланады. Ол туралы келесі шығыралымдарда баяндаймыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу