Референдум: 7 млн-нан астам адам дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: 7 млн-нан астам адам дауыс берді

06.10.2024

Елімізде дауыс берушілердің 57 пайыздан астамы өз таңдауын жасады. Ең белсенді аймақ әзірге Қызылорда облысы. Ал, дауыс беру бойынша ең төменгі көрсеткіш Алматыда тіркеліп отыр. Басқа аймақтардың көрсеткіші қандай? Бұл туралы Орталық референдум комииссияынан тікелей байланысқа шыққалы тұрған тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндасын.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Орталық референдум комиссиясында әр екі сағат сайын қоғамдық науқанның нәтижесі жарияланып жатыр. Дәл қазіргі уақыттағы мәліметке сай ел бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың 57,68% өз таңдауын жасаған. Нақты санмен айтатын болсақ 7 062 358 азамат дауыс берген. Бұл тізімге енгендердің жартысынан көбі. Яғни, референдум өткен болып есептеледі.

Енді аймақтар бойынша көрсеткіштерге тоқталсақ, Қызылорда облысы ең белсенді - дауыс берушілердің 76 пайызы таңдау жасаған. Түркістан облысында да дауыс бергендер саны 70 пайыздан асты. Еліміздегі үшінші ірі қаласына келсек, Астанада 46,30%, Шымкентте дауыс берушілердің 66% пайызы таңдау жасаған. Ал, Алматыда ең төмен көрсеткіш тіркеліп отыр. Мегаполисте дауыс беру құқығына ие азаматардың небары 21 пайызға жуығы таңдау жасаған. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. 

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу