Оралда әжелер ансамблі учаскеде шашу шашып, ән салды
Республикалық референдумда көппен бірге ғасыр жасаған қарттар да қалыс қалмады. Мемлекет үшін маңызды оқиғада соғыс және тыл ардагерлері өз учаскелеріне келіп дауыс берсе, оралдық әжелер ансамблі учаскелерді аралап думанға бөлеп жүр.
Орал қаласындағы «Сәулем-ай» әжелер ансамблі референдум күнінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды ұйғарыпты. Ақ жаулықты аналар таң атысымен өздерінің учаскелерінде дауыс беріп келген соң, басқа аумақтарды да аралап, шашу шашып, ән салып жүр.
Самиға Тұяқова, «Сәулем-ай» әжелер ансамблінің мүшесі:
Халыққа көңілді сәт сыйлайық деп, келешек ұрпаққа өнегелі тәрбие көрсетіп, өзіміздің көрген-білгенімізді, тәрбиені насихаттап жүрген әжелерміз. Үлгі болып, бірінші дауыс беріп, қоғамдық жұмыстан қалмаймыз.
Ал Жетісу облысының Жаркент қаласында 102 жастағы Зейнелхан Оспанова референдум учаскесіне өзі келіп, дауыс берді. Ғасыр жасаған кейуана осыған дейін өткен түрлі саяси науқандардан да қалыс қалмаған. Бұл жолы да белсенділік танытып, өзгелерге үлгі көрсетті.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында соғыс ардагері Яхия Тасыров көппен бірге референдумда дауыс берді. 103 жастағы қарт майдангер аядай ауылдың мақтанышы. Абыз ақсақал таңертең алғашқылардың бірі болып учаскеге келіп, көпке ақ батасын берді.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Жаңа Конституцияның өзегі – адам құқықтарын қорғау»
10.03.2026, 17:35
Паралимпиада: Бүгін бес отандасымыз жарыс жолына шықты
10.03.2026, 17:32
Ақтөбелік студент қазақ тілін насихаттап, жұртшылыққа үйретіп жүр
10.03.2026, 17:30
Ақмолалық ғалымдар полигон орнын қайта қалпына келтіру үшін зерттеп жатыр
10.03.2026, 17:26
Қарағандыда жастар Жаңа Конституция жобасын талқылады
10.03.2026, 17:22
Жаңа Конституция жобасы - білім мен ғылымды дамыту
10.03.2026, 17:20
«Саяси реформа Қазақстанның халықаралық беделін күшейтеді»
10.03.2026, 17:17
Қостанайда коалиция мүшелері мәдениет мамандарымен кездесті
10.03.2026, 17:15