Бүгінгі референдумда ақмолалықтар да ерекше белсенділік танытып жатыр. Әсіресе, дауыс беру учаскелеріне ерте келген ауыл халқы түске дейін өз таңдауларын жасап үлгерді. Ұмсындық Наурызбаева референдум күні Көктерек ауылына арнайы барды.
Отызға жуық шаңырақ түтін түтетіп отырған Көктерек ауылында қым-қуыт тіршілік бүгін әдеттегіден ерте басталды. Таң атқалы жұртқа тыным жоқ. Көбі күн шықпай қорадағы шаруасын жайғап, қой мен сиырын өріске айдаған.
Мұратхан, Өнер ауыл тұрғыны:
Ауыл тұрғындары малдарын өріске әдеттегіден ерте айдады. Сол қазір әріптесім келеді. Дауыс беру учаскесіне баруға, дауыс беруге барайын деп жатырмын. Соған асығыспын.
Дауыс беру учаскелеріне ағылып жатқан жұрттың қарасы қалың. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Кәмелет жасқа енді толған жастар да, қазыналы қарттар да ел болашағы үшін аса маңызды істен қалыс қалмақ емес.
Мұратхан, Өнер ауыл тұрғыны:
Таңертең ерте келіп, ауылдастармен дауыс беріп жатырмыз. Осы референдум учаскесіне. Біз үшін, болашақ үшін бұл өте маңызды іс-шара.
Ал он сегізге енді толған Санжар Алазов өз таңдауын жасау үшін Зерендіге Астана қаласынан арнайы келіпті. Бұл күнді тағатсыздана күткен ол алғашқылардың бірі болып дауыс берген.
Санжар Алазов, студент:
Бүгін мен бірінші рет референдумға қатыстым. Бұл мен үшін өте маңызды. Осында менің дауыс беру учаскім. Сондықтан таңертең тұрып, дауыс бердім.
Түске дейін ауыл халқының бәрі дауыс беріп үлгерді. Жалпы Ақмола облысында 500 мыңнан астам адам референдумға қатысуға құқылы. 765 учаскенің 60-ы уақытша орындарда ашылды. Халықтың еш кедергісіз дауыс беруіне барынша жағдай жасалды.
Ұмсындық Наурызбаева