Референдумда дауыс беру - азаматтық міндет
Бүгін маңызды күн. Қазақстан атом электр станциялары акционерлік қоғамының бас директоры Тимур Жантикин осылай дейді. Ол Есіл ауданы, Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан № 173 референдум учаскесінде дауыс берді. Айтуынша, бүгінгі тарихи күн ел дамуына, жаңа бастамалардың жүзеге асуына бастау болады.
Тимур Жантикин, «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ бас директоры:
Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Елдің ертеңін ойлайтын азаматтарымыз референдумға қатысып, өз дауыстарын қосатыны сөзсіз деп ойлаймын. Өйткені бірлігімізді, болашағымызды айқындайтын үлкен шара.
Сондай-ақ, жазушылар отбасы Әкім Тарази мен Роза Мұқанова да референдумда дауыс берді. Қазақ ұлттық өнер университетінің №77 сайлау учаскесінің өкілдері, отбасына арнайы барды. Дауыс беру жәшігіне өз бюллетенін салған Роза Мұқанова «референдумда әр дауыс маңызды» екенін айтты.
Роза Мұқанова, жазушы, драматург:
Бұл - халықтық шешім. Халықтың үніне құлақ асатын қоғам. Сондықтан референдумда халықтың белсенділігінің күштілігі, жауапкершілігінің күштілігі соны аңғартады. Мен өзім де бүгін дауыс бердім. Дауыс беру менің жауапкершілігім, азаматтық міндетім деп санаймын.
Назгүл Әмірбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41