Ресейдің бес қаласында отандастарымыз дауыс беріп жатыр
Ресейдің бес қаласында отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Мәскеудегі № 397 дауыс беру учаскесі таңғы 7-де ашылды. Алғашқылардың бірі болып, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов дауыс берді. Өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге келген отандастарымыздың қарасы қалың.
Ерік Күмісбеков, республикалық референдум № 397 комиссиясының хатшысы:
Бүгін біздің комиссия таңертең жұмысын бастап, жергілікті Мәскеу қаласының уақыты бойынша кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Біздің елшіліктен басқа Ресей Федерациясындағы Санкт-Петербург, Қазан, Санкт-Петербург, Астрахань және Омбы қалаларындағы бас консулдықтарда учаскелік комиссиялар жұмыс істеуде. Еліміздің азаматтары ҚР жарамды куәлігі болған жағдайда референдумға қатысып, өз дауысын беруге құқылы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04