Электораттың 40 пайызға жуығы таңдау жасады
Орталық референдум комиссиясы дауыс берушілердің келуі бойынша алдын ала деректерді жариялады. Қазірге дейін электораттың 40 пайызға жуығы таңдау жасаған. Толығырақ студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Даниярдан білейік.
Асылбек Данияр, тілші:
Бұдан 2 сағат бұрын 20 өңірдің ішінде ең белсендісі Қарағанды облысы болса, 12:00-дегі жаңартылған мәлімет бойынша Шымкент қаласы алға шықты. Мегаполис халқының жартысынан көбі, 57,03 процент Атом электр стансиясын салу, салмау туралы таңдау жасасады. Ал, кеншілер аймағы электоратының 46 пайызы дауыс берді. Басқа өңірлерде де келушілер саны осыған саяды. 36-40 процент арасында. Ал, алматылықтар әлі де көш соңында. Ондағы азаматтардың тек 11,88 пайызы таңдау жасаған. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, елдегі 358 учаскеде дауыс беру аяқталды, ал 9 965-і ашық. Айта кетейік, дауыс беру еліміз бойынша бірдей уақытта, яғни 20:00-де аяқталады. Ал, шетелдегі соңғы учаске 20:00-де ашылады, ол Сан-Францискода орналасқан. Орталық сайлау комиссиясының келесі брифингі 14:00-де болады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия 1/8 финалға жолдама алды
30.06.2026, 20:26
Жаңа Конституция ел дамуына тың серпін береді
30.06.2026, 20:24
Dalida Cinema кинотеатры ашылды
30.06.2026, 20:18
Ветеринария саласын дамытуға 88 млрд теңге бөлінеді
30.06.2026, 20:17
Ақсай теміржол вокзалы жөнделіп, ел игілігіне берілді
30.06.2026, 20:16
Жезқазғанның даму жоспары қаралды
30.06.2026, 20:14
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
30.06.2026, 20:12
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 20:10