АЭС жайлы референдум – әлем ақпарат құралдарының назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС жайлы референдум – әлем ақпарат құралдарының назарында

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Бүгінгі референдум әлем ақпарат құралдарының назарына да ілігіп отыр.

Үндістанның «Эйжа Ньюс Интернэшнл» агенттігі өз материалын «Қазақстандағы АЭС референдумы: демократия мен энергетикалық тәуелсіздікке қадам» деп атапты. «Бұл - президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократияға кең ауқымды ықпалдастығы мен халықтың ел болашағын анықтауға атсалысуының айқын көрінісі», - дейді мақала авторы.

Ал «Bloomberg-тің» хабарлауынша, Қазақстан әлемдегі ірі уран өндіруші болғанымен, былтыр энергия тапшылығын сезіне бастаған. Сондықтан дауыс берушілер бүгін АЭС құрылысына рұқсат беру мәселесін шешеді.

Кореяның «Корея Чжунган» газетінің мәліметінше, «Қазақстан үкіметі бар күш-жігерін бүкіл елде және шетелде тұратын азаматтар үшін жан-жақты әрі әділ дауыс беру процесін қамтамасыз етуге жұмылдырып жатыр».

«Рейтердің» хабарлауынша, «президент Тоқаев тұңғыш АЭС салу идеясын Қазақстан ластаушы көмір стансаларын біртіндеп жоюға ұмтылған шақта күн тәртібіне шығарған».

Ал түріктің «Анадолы» агенттігі тілшісінің сөзінше, «АЭС жайлы референдум Қазақстанның өсіп келе жатқан энергетикалық мұқтаждығын еңсеруге ұмтылысын» байқатып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу