Маңғыстауда 250 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр
Маңғыстау өңірінде 435 мыңнан астам дауыс беруші болса, осы сағатқа дейін соның 16,45 пайызы таңдауын жасады. Қоғамдық маңызды шараны өткізуге 1 700-ден астам қызметкер жұмылдырылған.
Ақтау қаласында Оқушылар сарайындағы №66 учаскеде 2 367 дауыс беруші бар. Таңнан бері шамамен 100-ге жуық тұрғын таңдау жасаған. Солардың қатарында облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаев та дауыс берді.
№66 учаскеден бөлек осы ғимаратта тағы 2 референдум учаскесі орналасқан. Сондықтан мұнда дауыс берушілердің қарасы көп. Есік алдын жергілікті өндірушілердің өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетуде. Балаларға да арнап, ойын алаңқайы жасалған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05