Шетелдегі 12 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс береді
Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтіп жатқан рефендумда шетелдегі 12 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс береді. Таяу-Шығыстағы саяси ахуалға байланысты Израиль, Иран Ислам республикасы және Ливанда референдум учаскелері болмайды. Қазір шетелдерде қанша дауыс беру учаскелері жұмысын бастады? Бұл туралы Орталық референдум комиссиясынан тікелей байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Данияр айтуға әзір тұр.
Асылбек Данияр, тілші;
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, осы сағатқа дейін 26 референдум учаскесі жұмысын бастады. Тағы 48-нің ашылуы күтілуде. Жалпы, қоғамдық науқанға 59 мемлекетте 74 референдум учаскесі жұмысы істейді. Бас-аяғы 12 307 азамат дауыс беруге құқылы.
Ведомство өкілі, шетелдердегі қазақстандықтар белсенді қатысады деген болжамын айтты. Дауыс беру Вашингтон, Нью-Йорк, Октавада 16:00-де басталады. Соңғы референдум учаскесі 20:00-де Сан-Францискода жұмысын бастайды. Ал, ел бойынша азаматтардың дауыс берудегі белсенділігі бойынша ақпарат 10:05-те жарияланады. Қазір барлық аймақтағы референдум учаскесі ашық.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49