Республикалық референдумда ел бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Референдум бүгін таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін өтеді. Ел азаматтары өздері тіркелген учаскеге барып дауыс беруіне болады.
Республика бойынша құрылған сайлау учаскелерінің санына тоқталсақ. Түркістан облысында дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны ең көп үштікке кіретіндіктен, мұнда ең көп, яғни, 945 референдум учаскесі жұмыс істейді. Одан кейін Ақмола облысында, 765, Қостанай 736, Алматы қаласында 624 учаске құрылған.
Елімізде дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. Ал, Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылған. Онда учаскелік комиссиялар заңға сәйкес жұмыс істейді.
РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ САНЫ
БҚО 496 референдум учаскесі
Атырау облысы 274 референдум учаскесі
Маңғыстау облысы 250 референдум учаскесі
Ақтөбе облысы 530 референдум учаскесі
Қостанай облысы 736 референдум учаскесі
Қызылорда облысы 380 референдум учаскесі
СҚО 591 референдум учаскесі
Ақмола облысы 765 референдум учаскесі
Ұлытау облысы 132 референдум учаскесі
Түркістан облысы 945 референдум учаскесі
Шымкент қаласы 344 референдум учаскесі
Павлодар облысы 520 референдум учаскесі
Астана қаласы 352 референдум учаскесі
Қарағанды облысы 650 референдум учаскесі
Жамбыл облысы 508 референдум учаскесі
Алматы облысы 643 референдум учаскесі
Алматы қаласы 624 референдум учаскесі
ШҚО 538 референдум учаскесі
Абай облысы 474 референдум учаскесі
Жетісу облысы 463 референдум учаскесі
Серік Жұмабек