Референдум учаскелері жұмысын бастады
Жаңа ғана Қазақстан бойынша барлық референдум учаскелері ашылып жұмысын бастады. Осы сәттен бастап дауыс беруге құқылы 12 млн 250 мыңға жуық отандасымыз таңдауын жасай алады. Астанадағы учаскелердің бірінде әріптесім Оңғар Алпысбайұлы тікелей эфирге қосылуға дайын тұр.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Мен 165 референдум учаскесінде тұрмын. Сағат таңғы 7 болмай кезекке тұрған азаматтарымыз бар. Жаңа ғана мемлекеттік гимн орындалып, бұл референдум учаскесі жұмысын бастады. Сонымен қатар жұмыс бабымен немесе басқа себептермен тұрғылықты жерінде таңдау жасай алмайтындарға қосымша бюллетеньдер дайын тұр. Биылғы референдум учаскелерінің жұмысында ерекшелік бар. Сағат белдеуінің барлық өңірде теңестірілуіне байланысты ел бойынша барлық учаске бір уақытта жұмысын бастады. Бұған дейін батыс өңірлерде бір сағат кеш ашылатыны бәріміздің есімізде. Айта кету керек, еліміз бойынша сағат 6-да жұмысын бастаған учаскелер де бар. Олардың саны 84. Олар: әскери бөлімдер, вахталық елдімекендер мен ауысым кестемен жұмыс істейтін адамдар тұратын бірнеше учаске. Егер ауысым таңғы сағат 07:00-де басталса, онда қазақстандықтар таңертеңгі 06:00-ден дауыс бере алады. Тек, шетелдердегі дауыс беру орындарының ашылу уақытында өзгешелік бар. Әлемнің 59 елінде 74 учаске жұмыс істейді. Олар жергілікті уақытқа байланысты ашылады. Мысалы шығыста бірнеше сағат бұрын жұмысын бастағандары болса батыста керісінше бірнеше сағаттан кейін таңдау жасау мүмкіндігі болады. Сонымен мен эфирге қосылған бірнеше минутта оннан астам адам дауыс беріп үлгерді. Бірнеше сайлау мен референдумда жұмыс істеген тәжірибелі мамандардың айтуынша халықтың нөпірі енді көбейеді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19