Бүгін - Республикалық референдум - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Республикалық референдум

06.10.2024

Азаматтарымыз ел аумағында Атом электр станциясын салуға қатысты шешім қабылдайды. Ол үшін АЭС-ті қолдап, немесе қарсылық білдіріп дауыс береді.

Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Алғашқысы 1995 жылы 29 сәуірде өткен еді. Ол кезде халқымыз сол кездегі Президенттің өкілеттігін арттыруға қатысты дауыс берген болатын. Кейін көп ұзамай, яғни 1995 жылы 30 тамызда екінші референдум өтіп, жұрт жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты дауыс берді. Ал үшінші референдум араға 27 жыл салып, екі жыл бұрын 5 маусымда өтті. Ол кезде халқымыз Ата заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулерді қолдап, дауыc берген еді. Ал бүгінгі референдум реті бойынша төртінші болғанымен, саяси өзгерістерге қатысы жоқ алғашқы референдум.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу