Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаздар

05.10.2024

Мүгедектігі болса да, шәкіртті білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар баршылық. Мәселен тек елорданың өзінде білім беру саласында еңбек етіп жүрген жиырмаға жуық ерекше жан бар. Бұдан бөлек, жауапкершілігі мол мамандық иелерінің арасында әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да жетерлік. Олардың ісі көпке үлге.

Жігер Кенжеғалиев – 3 топ мүгедегі. Жігерлі Жігер Астанадағы мектептің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, олардан кері байланыс болғанда шабыттанатын айтты. Спорттағы тәжірибесімен де бөлісіп жүр. Пара пауэрлифтингтен спорт шеберінің мақсаты: 2028 жылы АҚШ-та өтетін Паралимпиадада бақ сынау.

Жігер Кенжеғалиев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Дене шынықтыру сабағынан бөлек, емдік дене шынықтыру кабинетінде ерекше білімді қажет ететін балаларға уақытымды бөліп, сауықтырумен айналысамын. Тактильді сезімді оятуға, миға арналған жаттығулар жасайды. Бұл жерде балалар бұлшықеттерін қатайтады, кіші және үлкен моториканы дамытады, сөйлеу қабілетін дамытады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Руслан Жаманқараев – батыр ұстаздың бірі. Ол суға батып кеткен 7 жастағы баланы құтқарып қалған. Қараусыз қалған бала тоқпен істейтін субұрқаққа құлап түскен. Оқиға биыл шілдеде болды. Деседе мұғалім бұл ісін ерлік деп есептемейді.

Бір ай бұрын өткен бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық атудан ел намысын қорғаған елордалық мұғалім Перизат Елемес чемпион атанды. Қазақстанның қыздар құрамасы финалда Ресей командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұлт болашағының айнасы. Шәкірттерге білім мен тәрбиені қатар беретін сегіз қырлы, бір сырлы маман. Бәрінде ортақ мақсат: елге қызмет ететін тұлға қалыптастыру.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу