Бүгінде елімізде 550 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Оның 399 мыңы мектептерде, 41 мыңы Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, 100 мыңнан астамы мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істейді. 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда педагогтердің жалақысы 100 пайызға, яғни екі есеге өсті. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемесі мамандарының еңбек ақысы тағы 30 пайызға өсті. Аттестаттау нәтижелеріне сай тағайындалған біліктілік санаты бойынша, жалақыға үстемақы қосылды. Мысалы магистр-мұғалім – 50%, оқытушы-зерттеуші – 40%, сарапшы мұғалім – 35%, оқытушы-модератор – 30% алады. Сонымен қатар «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары мен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы иегерлеріне – 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай сыйлық беріледі.
Асылбек Данияр