Ерлан Қарин: Елімізде 740 волонтерлік ұйым табысты қызмет етіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Елімізде 740 волонтерлік ұйым табысты қызмет етіп жатыр

04.10.2024

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің еріктілері бас қосты. Волонтерлар слетіне Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тайланд, Тәжікстан, Шри-Ланка секілді әлемнің 21 елінен 450-ден астам делегат келді. Форумда түрлі бастамалар мен ұсыныстар айтылып, волонтерлік қызметке қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Панелдік сессияға Мемлекеттік кеңесші қатысып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ерлан Қаринның айтуынша, Мемлекет басшысы волонтерлер қызметіне ерекше көңіл бөледі. Олардың әлеуметтік әділдікті нығайтудағы, бірлік пен ынтымақтастық секілді негізгі құндылықтарды ілгерілетудегі рөліне баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ еліміздегі еріктілер қозғалысының ауқымы кең екенін, 740 волонтерлік ұйым табысты қызмет атқарып, жаңа мәдениет қалыптастырып жатқанын жеткізді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін волонтерлар жылын өткізуді ұсынды. Соның нәтижесінде 2026 жыл Халықаралық волонтерлар жылы болып жарияланды. Бұл жылдың аясында өткізілетін іс-шаралар осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Слет қолға алынған ауқымды істі іске асыруға үлес қосып, озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік беретін ақыл ой орталығына айналады деп сенемін. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу