Соттардың дербестігі нығая түсті
Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы да қабылдады. Судьялардың IX съезі алаңындағы жүздесуде Қазақстандағы сот реформасының өзекті мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде сот әкімшілігінің жаңа жүйесі құрылғаннан кейін соттардың дербестігі нығая түскенін атап өтті. Сонымен бірге, сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың, сот төрелігі жүйесін жаңғырту саласында тәжірибе алмасудың және сот өндірісін цифрландырудың маңызы сөз болды. Мемлекет басшысы арадағы ықпалдастық саланы жаңа деңгейге көтеріп, сапасын арттыра түсетініне сенім білдірді. Ал, Луис Пальма Қазақстанның сот жүйесіндегі жаңа өзгерістерді жоғары бағалады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09