Шымкентте 134 адамды алдаған алаяқтар сотталды
Шымкентте әлеуметтік желі арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері сотталды. «Пайызсыз баспана» деп аталатын ұйым құрған олар Шымкент, Астана және Алматы қалаларынан арзан бағамен үй алып беруге көмектесеміз деп 134 азаматты алдап соққан. Алғашқы жарна ретінде 1 миллион ақша аударса, бағасы 15 миллион теңге болатын пәтерді алуға жәрдемдесетінін айтып, жарнамалаған. Және азаматтардың сеніміне кіру үшін алдымен 3-4 адамға үй сатып әпергенін желі арқылы таратады. Олар осындай жымысқы әрекетімен 171 миллион теңге олжа тапқан. Сот топ жетекшісі мен оның екі көмекшісін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
Жанерке Атығаева, қалалық прокуратураның аға прокуроры:
Сот шешімімен үкімде көрсетіледі. Жәбірленушілердің өтемақы қорына өтеу туралы салымшылардың ақшасын. Бірақ қазіргі таңда ол салымдар әлі қайтарылмаған ақша жәбірленушілерге.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04