Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің үлгісі болуы керек
Әділ сот – мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуы тиіс. Президент Қазақстан Судьяларының ІХ съезінде осылай деді. Сондай-ақ бұл басымдықтарға қол жеткізу үшін атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Келер жылы шілде айынан бастап, сот шешіміне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі пайда болады. Одан бөлек, саланың цифрлану деңгейін жетілдіре түсу де маңызды. Бұл соттың ашықтығы мен судьялардың жауапкершілігін арттыра түседі. Ал сот кезінде пайдаланылатын деректер қатысушылардың барлығына қолжетімді болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті қазылар қауымы тексереді. Бұл – соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай қайта қымбаттап жатыр
10.04.2026, 13:09
Ертең Исламабадта Иран – АҚШ келіссөзі басталуы тиіс
10.04.2026, 13:06
Биыл 3300-дей қандас атамекенге оралған
10.04.2026, 13:03
Шығыста қар, батыста жаңбыр жауады
10.04.2026, 13:00
Бүгін бес боксшымыз алтынға таласады
10.04.2026, 10:45
Алматыда магнолия ағаштары гүлдеп, қалаға ерекше көрік берді
10.04.2026, 10:43
Шымкенттік оқушылар мектеп жылыжайында маракуйя өсіреді
10.04.2026, 10:42
«Темірлан» тарихи драмасы көрерменге жол тартты
10.04.2026, 10:38